Қазақстан мен Түркияның Ортақ іскер палатасы құрылды

6 апреля 2017

IMG_2763(1)Елордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруымен Түркі Іскер Кеңесінің V Кездесуі өтті Түркітілдес елдерінің іскерлік байланысын нығайтуда ықпал ететін Түркі Іскер Кеңесінің Бесінші кездесуінде Кеңестің жұмысы, түркі елдерінің бизнестегі ынтымақтастығы, экономикалық бағыттардың дамуы талқыланды. Шараға Түркі Кеңесінің Бас хатшысы  Рамиль Хасанов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Түркия Республикасының сауда палатасы мен тауарлы биржа одағының президенті Рифат Хисарджыклыоглу, Түркия Республикасының Кеден және туризм кәсіпорындарының төрағасы Ариф Пармаксиз, Әзербайжан Республикасының Кәсіпкерлердің ұлттық конференциясының президенті Мәмед Мұсаев, Қырғызстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев, сондай-ақ отандық және шетелдік бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.                               2016 жылдың 28 сәуірінде Бішкек қаласында өткен Түркі Іскер Кеңесінің ІV отырысында кеңестің кезекті отырысы Қазақстанда өткізіледі деп шешілді. Сарапшылардың айтуынша бүгінгі кездесуде Кеңеске мүше елдер саны артқан. Бұл бұрын соңнды бошлмаған көрсеткіш.  Осы ретте Кеңеске мүше елдердің Президенттері біздің байланыстармыздың нағайтуына ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгін Кеңесте қазақстандық «Атамекен» ҰКП мен түркиялық «TOBB» бірлескен ары қарайғы жұмысын бағдарлайтын Протоколға қол қоймақспыз. Осы құжаттың негізінде ынтымақтастығымз арттады деп сенемін», – деді Түркі Кеңесінің Бас хатшысы  Рамиль Хасанов. Шараның бірінші сессиясында  «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен Түркия Республикасының сауда палатасы мен тауарлы биржа одағының президенті Рифат Хисарджыклыоглу Ынтымақтастық меморандумына қол қойып, Кеңеске мүше елдеріне ортақ бірыңғай палатасының негізін қалады.  «Түркия Республикасының сауда палатасы мен тауарлы биржа одағының президенті Рифат Хисарджыклыоглудың идеясымен бүгін Ортақ палатаны құрдық. Келешекте осы палатаның негізінде біздің қатарға басқа түркі елдер қосылып, баршамызға ортақ іскер палатаны қалыптастырамыз деген ойдамын.  Кеңеске мүше елдердің мемлекет басшылары елдер арасындағы іскерлік қатынастың артуына күш салып отыр», – деді ҮКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов. Өзінің баяндамасына Абылай Мырзахметов «Атамекеннің» мақсатын айтып, атқарған  жұмысына шолу жасады.  «ҰКП құрылуына Түркия Республикасының сауда палатасы мен тауарлы биржа одағының базасы мен тәжірибесі түрткі болды. 2012 жылдың қазан айында Елбасының Түркияға сапарынан кейін «Атамекен» ҰКП негізі қаланды.  Бүгінде «Атамекен» әр аудан орталығында жұмыс істейді, яғни 188 аудан орталығында палатаның филиалдары бар. Өңірлерде халыққа кәсіпкерліктің негізін үйретіп, бизнесті қорғау мен кеңес беру бағытында екі мыңнана астам маман еңбектеніп жатыр», – деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасы. Абылай Мырзахметовтың айтуынша бизнесті қорғау бойынша Палатаға шағымдар мен өітінімдер түседі. Әр өтінім қаралып, кәсіпкерлердің мүддесі қорғалуда. Бір жыл бұрын «Атамекен» базасында Бизнес-омбудсмен институты құрылған, барлық құқықтық, салықтық мәселелер осы институтта қаралады. «Атамекеннің» негізгі жұмысы заңнамалар мен заң жобаларын жетілдіру, әр мемлекеттік құжатта бизнес мүддесін қорғау болып табылады. Осы бағытта бүгінде Үкімет пен «Атамекен» бірігіп, ауқымды жұмыс істеп жатыр. Кездесу барысында Түркия Республикасының сауда палатасы мен тауарлы биржа одағының президенті Рифат Хисарджыклыоглу бауыр елдерінің жалғыз емес, бірігіп әрекет жасауының маңыздылығын атап өтті. «Біз бауырлас елдерміз. Мәселен, Кеңеске мүше елдердің көбі шикізат өндірумен айналысады. Бірақ нарық заманында тек бір ғана саламен айналысуға болмайды. Шикізаты ғана бар мемлекеттің Үкіметі ғана бай болуы мүмкін, бірақ халқы байымайды. Сондықтан түркілер болып өндірісті, технологияларды қолға алу керек. Үлкен нарық құрып, халық саны 100 млн-нан асатын, сауда жолдары мен ынтымақтастығы жарасқан, логистикалық дәліздері қалыптасқан кеңістік құру – ортақ борышымыз», – деді Рифат Хисарджыклыоглу. Түркі Іскер кеңесіне мүше елдер біріншіден логистикалық қатынастрады арттырмақ. Бұл мемлекеттер арасында үлкен нарық құрылып отыр. Осы мүмкіндіктер арқылы мемлекеттердің экономикалық әлеуеті артып, елдер іскерлік тәжірибелерімен алмасатын болады.  Әзербайжан Республикасының Кәсіпкерлердің ұлттық конференциясының президенті Мәмед Мұсаев қазақстандықтардың ыстық қошеметіне алғыс білдіріп, Түркі Кеңесінің миссиясына тоқталды. Мәмед Мұсаевтың пкірінше Түркі Кеңесіне енді Түркменістан мен Өзбекстан, Ресей құрамындағы Татарстан мен Башқұртстан, сондай-ақ басқа да түркі тілдес халықтар қосылуы қажет, сонда Кеңестің әлемдік аренда қуаты артады.  «Түркі Кеңесінің аясында Қазақстан экспортын көбейтеді. Осы ретте біз Ресей Федерациясы мен Қытаймен орнаған іскер байланысты, сауда саттықты еш қысқартпаймыз. Көрші мемлекеттер арасындағы байланыс артпаса, кемімейді. Түркі  кеңесіне мүше елдері арасындағы нарыққа Қазақстан агро кешені өнімімен кіретін болады. Мәселен, Түркия жасымықты тонналап экспорттауға дайын. Сондықтан Қазақстан дәнді дақылдарды сыртқы сұраныс бойынша өсіруге дайын», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. Жақында ғана Еуразиялық одаққа мүше болған Қырғыстан Республикасы Одақтың талаптарына сәйкес сауда, экспорт салалсында ережелерін өзгертіп жатыр. Еуразиялық экономикалық одаққа кірудің жағымды әрі жағымсыз жақтары бар екенін Қырғызстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев айтты. «Мәселен, бұрын СТ1 сертификаттарын өзіміз жазып беретінбіз, Одаққа мүше болған соң ондай мүмкіндіктен айырылдық. Жалпы жаңашылдықтар кәсіпкерлерімізге қосымша шығын әкелді, дегенмен іскерлік қатынастар, Әлем нарығына шығу мүмкіндігін үлкейтеді. Сондықтан осы ретте Түркі Кеңесінің де маңызы зор», – Марат Шаршекеев. Кездесудің екінші сессиясында Түркі Кеңесіне мүше елдердің өкілдері Кеңестің ары қарай жұмысына байланысты кеңейтілген отырыс өткізді. Бұл алаңда нақты жоспар бойынша келіссөздер, келісімшарттар мен бизнес ұсыныстар легі талқыланды. Отырыс барысында  Түркі Кеңесінің Бесінші форумын ұйымдастыру, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Арнайы бизнес форумын өткізуді талқыланды. Кеңес мүше елдер, сондай-ақ, ақпарат ауқымымен алмасуға көмек болатын, ортақ бизнес-портал жұмысын жетілдірмек.  Халықаралық бизнес-өкілдерінің басқосуында кәсіпкерлерге арналған екінші дөңгелек үстел барысында Қырғыз Республикасының инвесторларына арналған техникалық келісімдер ұйымдастырылып, Түркі елдеріне ортақ логистикалық орталықтарын құру мүмкіндіктер сөз болды. Сонымен қатар шара барысында Түркі Іскер Кеңесінің басқосуы өтетін келесі мемлекет анықталды.
 http://palata.kz/kk/news/26012


Комментарии

Ваш комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.

пікірлер/yorumlar

Август 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031